Даярлау курстары

ҚКЗИҒО жоғары білімді (дәрігерлер, биологтар) және арнайы орта білімді (лаборанттар) мамандарды оқытады:

  • дәрігерлерді қайта даярлау (мамандандыру) (Қазақстан мамандары үшін 5 ай және Орта Азия және Оңтүстік Кавказ мемлекеттерінің мамандары үшін 4 ай)
  • Биологтарды қайта даярлау (мамандандыру) (2 ай)
  • Дәрігерлердің біліктілігін арттыру (жетілдіру) (1-2 аптадан әр түрлі тақырыптар)
  • Биологтардың біліктілігін арттыру (жетілдіру) (1-2 аптадан әр түрлі тақырыптар)
  • Лаборанттардың біліктілігін арттыру (жетілдіру) (2 аптадан әр түрлі тақырыптар)

ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес, қайта даярлау (мамандандыру) мамандарға Қазақстанда аса қауіпті инфекциялармен жұмыс істеуге берілетін рұқсаттың міндетті шарты болып табылады.

Қайта даярлау курстарының мақсаты

  • Зертханалық және далалық жағдайларда АҚИ-мен өз бетінше жұмыс істеу үшңн ҚР ДСМ органдары мен ұйымдарының мамандарын (жұмыстардың арнайы техникасымен) әдістемелік, теориялық және практикалық даярлау.

Біліктілікті арттыру курстарының мақсаты

  • АҚИ-мен байланысты барлық мәселелер бойынша ҚР ДСМ органдары мен ұйымдарының мамандарының әдістемелік, теориялық және практикалық даярлығының жоғарғы деңгейін сақтау.
  • АҚИ-мен жұмыс істеу барысында биоқауіпсіздік және биоқорғаныс саласында мамандарды жаңа және жетілдірілген теориялық және практикалық жетістіктерді үйрету.

ҚКЗИҒО бүкіл мемлекет бойынша обаға қарсы күрес станцияларын, аса қауіпті зооноздық инфекциялардың қоздырғыштарымен жұмыс істейтін басқа ұйымдарды қоса алғанда әр түрлі мекемелер мен ұйымдардың дәрігерлерін, биологтарын, лаборанттарын даярлау бойынша Қазақстан Республикасындағы мамандандырылған жалғыз ұйым болып табылады.

ҚКЗИҒО-да заманауи деңгейде оқыту үрдісін жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық және кадрлық ресурстар бар. Орталықтың ағартушылық құрамы ҚКЗИҒО жетекші ғалымдар және мамандармен жасақталған: 33 тәлімгер, оның ішінде 9 ғылым докторы, 24 ғылым кандидаттары.

Практикалық дәрістер үшін 26 адамға арналған бактериологиялық зал жабдықталған; оқыту барысында микроағзалардың өсірінділері, зоологиялық паразитологиялық мұражайдық экспонаттары пайдаланылады; лекция аудиториялары заманауи техникамен, компьютермен жабдықталған; ҚКЗИҒО кітапханасының ғылыми және медициналық оқу әдебиетінің қоры шамамен 50 мың кітапты құрайды.

Қазақстанда қолданылатын АҚИ-мен ерекше қауіпсіз жұмыс істеу техникасы зертхана ішілік жұқтыру тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді.

Іргелес аумақта 41 орындық жатақхана ғимараты орналасқан.

Оқытумен байланысты барлық сұрақтар бойынша Кадрларды даярлау орталығына хабарласыңыз.

Тел.: 7(727)2233821

 

ҚКЗИҒО-да келесі оқыту курстары жүргізіледі:

1.«Аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиясы және бактериологиясы» жоғары кәсіби білімі бар (Гигиена және эпидемиология мамандығы) мамандарды (дәрігерлер) қайта даярлау (алғашқы мамандандыру) курстары (ұзақтығы 20 апта – 1080 сағат);

2. «Аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиясы және бактериологиясы» жоғары кәсіби білімі бар (Гигиена және эпидемиология мамандығы) мамандардың (дәрігерлер) біліктілігін арттыру курстары, (ұзақтығы 2 апта – 108 сағат).

3. «Қауіпті патогендермен қауіпсіз жұмыс» жоғары кәсіби білімі бар (Гигиена және эпидемиология мамандығы) мамандардың (дәрігерлер) біліктілігін арттыру курстары, (ұзақтығы 2 апта – 108 сағат).

4. «Аса қауіпті вирустық инфекциялар, эпидемиология, зертханалық диагностика, биоқауіпсіздік» жоғары кәсіби білімі бар (Гигиена және эпидемиология мамандығы) мамандардың (дәрігерлер және биологтар) біліктілігін арттыру курстары, (ұзақтығы 2 апта – 108 сағат).

5. «ГАЖ технологиялардың негіздері» жоғары кәсіби білімі бар (Гигиена және эпидемиология мамандығы) мамандардың (дәрігерлер және биологтар) біліктілігін арттыру курстары, (ұзақтығы 2 апта – 108 сағат).

6. «ГАЖ технологиялар және оларды эпидемиологиялық және эпизоотологиялық деректерді талдау үшін қолдану» жоғары кәсіби білімі бар (Гигиена және эпидемиология мамандығы) мамандардың (дәрігерлер және биологтар) біліктілігін арттыру курстары, (ұзақтығы 2 апта – 108 сағат).

7. «Тырысқақтың зертханалық диагностикасы» арнайы орта білімі бар (Зертханалық диагностика мамандығы) мамандардың (лаборанттар) біліктілігін арттыру курстары, (ұзақтығы 2 апта – 108 сағат).

8. «Обаның зертханалық диагностикасы» арнайы орта білімі бар (Зертханалық диагностика мамандығы) мамандардың (лаборанттар) біліктілігін арттыру курстары, (ұзақтығы 2 апта – 108 сағат).

Келісімшарт негізінде келесі курстар өткізіледі:

1. «Биоқауіпсіздік: аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиясы және эпизоотологиясы» биологтарды қайта даярлау (алғашқы мамандандыру) курстары (ұзақтығы 8 апта – 432 сағат);

2. «Аса қауіпті инфекциялардың зертханалық диагностикасы» арнайы орта білімі бар (Зертханалық диагностика мамандығы) мамандарды қайта даярлау курстары (ұзақтығы 8 апта – 432 сағат).