23-24 қазанда М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының базасындағы Орталық референттік зертханада (Алматы қ.) Биологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенцияны (БУҚК) енгізуді қолдау тобының жәрдемімен және Германия Федеративті Республикасының қолдауымен БУҚК енгізу және биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша Орталық Азия мемлекеттері үшін аймақтық семинар өткізілді. Аймақтық семинар БУҚК енгізу мәселелерін ұлттық деңгейде талқылау, сенім шараларын бекіту, биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша озық тәжірибемен және сарапшы пікірлерімен алмасу мақсатында ұйымдастырылған..

Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Е. Ашықбаев, Алматыдағы Германияның бас консулы Й. Розенберг, Іске асыруды қолдау тобының жетекшісінің орынбасары Г. Лампалзер және М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялардың ғылыми орталығының директоры Т. Ерубаев сөз сөйледі. Семинарға Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекеттік органдарының (ЕҚЫҰ, ХҒТО, Вертек және т.б.) өкілдері, сонымен қатар, биологиялық қауіпсіздік саласындағы бейіндік ведомстволардан (Денсаулық сақтау, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы министрліктері) қазақстандық сарапшылар қатысты. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар Алматыдағы Орталық референттік зертхананың жұмысымен танысты.

 

  Орталық референттік зертхана үшін - операциялық рәсімдердің стандарттарының (бұдан әрі - ОРС) бекітілуі соңғы сатысында. Барлық мүдделі министрліктер мен ведомстволармен (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі) келісім бойынша егжей-тегжейлерді ескере отырып үлкен жұмыс атқарылды, сондай-ақ стандарттар биологиялық қауіпсіздік және биологиялық қорғаныс сұрақтарын, инженерлік, ғылыми-зерттеу жұмыстарының мәселелерінің барлық аспектілеріне әсер етеді. Бекітілген OPС тиімділігі келесі кезеңінде анықталады - ОРЗ қызметінің барлық бағыттары бойынша оқытулар өткізу кезінде.glac crl

Ветеринарларды қайта даярлау курстарыМасғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығында 2016 жылы 23 қарашадан 27 желтоқсан аралығында (270 сағ) «Патогендігі ІІ-ІV топтағы аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштарымен жұмыс істеудің техникасы және әдісі» атты жоғары ветеринариялық білімі бар ветеринарлық қызметтердің мамандарын қайта даярлау курстары алғаш рет өтті. ҚР АШМ-гі үшін Қазақстан Республикасының Астана қ. және Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарындағы 24 курсанты оқытылды. .

sm image001

          Оқушылар II-IV патогендік тобының микроорганизмдермен қауіпсіз жұмыс істеу әдістерін, зертханалық жануарлармен жұмыс істеу ережелерін және зооноздық инфекциялардың (листериоз, пастереллез, бруцеллез және сібір жарасы) эпидемиология, эпизоотология және зертханалық диагностикасын зерттеді

  

Алматы қаласында Эбола безгегіне күдік тұдырған науқастарды ауруханаға жатқызу және диагностикасын өткізу бойынша ірі ауқымды оқу-жаттығулары өткізілді. Назарға барлық факторлар мен тәуекелдерді ескере отырып, «науқасты» әуежайдан арнайы қызметтердің қарсы алуымен қоса, басқалардан оқшаулау, жол полициясы қызметкерлерінің сүйемелдеуімен арнайы көлікпен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына шұғыл тасымалдау сияқты барлық іс-шаралар шындыққа жақын жағдайларда атқарылды. Жұқпалы аурулар ауруханасына дереу келген төтенше дабылға Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының ғылыми қызметкерлері Нұрмаханов T. және Мукашев Н. жедел тұрде келді. Мамандандырылған күзет сүйемелдеуімен, қатаң биоқауіпсіздік шараларды ескере отырып, аса қауіпті инфекциясына күдік тұдырған науқастан алынған материал ғылыми орталықтың зертханасына зерттеуге жеткізілді.

Орталық референс зертханасының (әрі қарай – ОРЗ) құрылысы сәтті аяқталды, оның ғылыми-зерттеу қызметі эпидемиялық бақылау, халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы жаңа деңгейде аса қауіпті жұқпаларды зерттеу  саласында Қазақстан Республикасының әлеуетін арттыруға бағытталған.

Қазақстан мен АҚШ арасында сонау 1993 жылы жоспарланған, мемлекетаралық Келісім шеңберінде жасалынған, ғаламат үлкен жоба  2011 жылдың 15 мамырында екі мемлекеттің ресми өкілдерінің қатысуымен өткен салтанатты жағдайда ең заманауи ОРЗ зертханасының болашақ ғимаратының қазаншұңқырынан «Алғашқы шөміш» алынғанда  жүзеге аса бастады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары және объектінің толық жабдықталуы жоспарланған жұмыс мерзімі мен көлемінен ауытқусыз түгелдей аяқталған. Алда  айтарлықтай маңызды бөлім – мемлекеттік қабылдау актілері мен валидация өткізіледі, яғни  ғимараттың және жабдықтардың халықаралық стандарттарға сәйкестілігі тексеріледі.

Жаңа зертхана сейсмологиялық тұрақтылық, биологиялық және экологиялық қауіпсіздік бойынша ең жоғары талаптарды ескере отырып салынған, халықаралық деңгейдегі ең жаңа технологияларды пайдалану арқылы заманауи техникалармен жабдықталған.  Құрылыс  аяқталғаннан кейін ОРЗ толығымен Қазақстан Үкіметінің құзіретіне өтеді және еліміздің үш министрлігі: Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылық, Білім және ғылым министрліктерінің зерттеушілері мен ғалымдарының құрамымен өз жұмысын бастайды. Бұндай одақ ғылыми зерттеулер мен эпидемиологиялық бақылауды жаңа сапалы деңгейге шығарып, елдегі және жақын аумақтардағы жұқпалы аурулар ошағына жедел жауап қатуға, болашақта Алматыда алдыңғы қатарлы тәжірибе және түрлі ведомстволардың мамандарын даярлайтын орталық құруға  мүмкіндік береді.

Орталық референс зертханасы М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының территориясында салынған, бұл орталық өз кезегінде атақты ғалымдар мен зерттеушілер тобын тәрбиелеп шығарды және ұзақ жылдар бойы осы маңызды салада Орта Азияның барлық республикалары үшін кеңестік-әдістемелік орталық болды.

2016 жылы 9 қыркүйекте өткен салтанатты шараға АҚШ елшілігінің, ҚР Ауыл шаруашылық, Білім және ғылым министрліктерінің және ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің, Алматы қаласы әкімшілігінің өкілдері мен танымал бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері қатысты. Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін барлық ынта білдірген тұлғаларға  ОРЗ қабаттары мен зертханалары бойынша экскурсия ұйымдастырылды.