Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» ШЖҚ әкімшілік-шаруашылық басқармасының бастығы бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу орны: Алматы  қаласы, Түрксіб ауданы, Жахангер көшесі, 14 үй, анықтама телефоны (727) 223-38-21.

Кәсіпорынның орналасқан жері: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Жахангер көшесі, 14.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:

1)Сәйкесінше мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі) білімінің және басшылық лауазымда кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

2)Ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, ұйымның қызметіне байланысты басқа органдардың әдістемелік және нормативтік-техникалық актілері, ұйымның бейіні, мамандануы және құрылымының ерекшелігі, экономикалық қызмет түрінің техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективасы және ұйымның бизнес-жоспары, ұйымның өндірістік қуаты, ұйым өнімін өндіру технологиясы, ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын даярлау және келісу ережесі, шаруашылықты жүргізу және ұйымды басқару әдістері, шаруашылық және қаржылық шарттарды жасау және орындау тәртібі, экономиканың тиісті саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және озат ұйымдардың тәжірибесі, стандарттау негіздері, экономика және өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, еңбек заңнамасын білу.

Конкурсқа қатысуға мыналар қабылданбайды:

1)бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

2)конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылданбайды;

3)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1)  конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)  мемлекеттік және орыс тілдеріндегі резюме;

3)  еркін түрде жазылған өмірбаян;

4)  жеке куәлігі немесе төлқұжатының көшірмесі;

5)  лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

6)  еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (086/е н.);

8) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

9)  3х4 көлемімен екі фотосурет.

        Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми жарияланымдар туралы

құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

         Құжаттар, ҚКЗИҒО интернет-ресурсында, сондай-ақ рекрутингтік порталдарда  конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Алматы  қаласы, Түрксіб ауданы, Жахангер көшесі, 14 үй. Анықтама үшін телефоны:  8 (7272) 23-38-21 (ішкі 109).

Конкурсқа жіберілген кандидаттар ҚР ДСМ «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК әңгімелесуден өтеді.

ҚКЗИҒО зертханалық жануарлар питомнигінің негізгі мақсаты SPF-категориялы(аутбредті және инбредті тышқандар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары, қояндар), «таза бөлмелер» технологиялар жағдайында өсірілген зертханалық жануарларды өсіру және сату. ҚКЗИҒО питомнигі жануарларды өсіру мен сату бойынша өндіруші ретінде (№KZA/07/K-002) ауылшаруашылық Министрлігінің есептік ветеринарлық нөміріне ие.

2013-2014 жж. ХҒТО К-2046 жобасының шегінде SPF жануарларға тосқауылдық аймақты құрып және микробиологиялық мәртебесін сақтау үшін питомник қайта құрылып, ИСО 14644 бойынша модернизациядан өтті. Ғимаратта желдетудің қосарлау жүйесі, ауаны, қысымды және ылғалдылықты автоматты температураны реттеуішпен сүзгілеу және кондициялау орнатылған.

 

pitomnik2Зертханалық жануарлар «микрооқшаулау технологиялары» жағдайында және ашық жағдайларда генетикалық бағытты ұстап тұру принциптері бойынша ұсталады. Жануарлар Charles River Laboratories (www.criver.com) питомнигінен 2014 ж. аяғында алынды, және SPF-мәртебесі жайлы ветеринарлық сертификат пен денсаулық паспорты бірге ілесті.Қазіргі уақытта ҚКЗИҒО питомнигі зертханалық жануарлардың 5 бағытын көбейтіп жатыр, олар келесі салаларда пайдаланылады:

1. Зертханалық тышқандар CD-1 бағыты (аутбредті) SPF-категориялы – көпмақсатты үлгі, токсикология, дәрілік заттардың қауіпсіздігі, қартаю, хирургиялық үлгі. 

pitomnik1

2. Зертханалық тышқандар C57BL/6N бағыты (инбредті) SPF-категориялы – көпмақсатты үлгі, май басу, трансгендік және нокаутты үлгілердің дамуы,  токсикология, дәрілік заттардың қауіпсіздігі, иммунология.

3. Зертханалық егеуқұйрықтар Wistar бағыты (аутбредті) SPF-категориялы – көпмақсатты үлгі, жұқпалы аурулар, токсикология, дәрілік заттардың қауіпсіздігі, қартаю.

4. Зертханалық қояндар NewZeelandWhite бағыты (аутбредті) SPF-категориялы – токсикология, тератология, дерматология, офтальмология, биомедициналық зерттеулер, остеология, атеросклероз, антидене өнімі, жүрек-қантамыр және бүйрек аурулары.

5. Зертханалық шартты теңіз шошқалары  көпмақсатты үлгі, иммунология.

Сатылым мен тасымалдау кезінде жануарлар барлық қажетті құжаттармен – лицензия, ветеринарлық анықтама мен ветеринарлық паспортпен қоса беріледі.

 

Байланыс ақпараты:

Турегелдиева Динара Әлімханқызы,

М.Айқымбаев атындағы қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы

Жануархана мен тәжірибелік үлгілер зертханасының меңгерушісі, м.ғ.к.

050054, Алматы, Қапал  көш. 14,

Тел. +7 (727) 2233821 (ішкі. 151), факс +7 (727) 2233830

e-mail   Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  ,    Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  

 

 

 

 

Ұсынылған құжаттар мен өткізілген әңгімелесу нәтижелері негізінде, дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Кандидаттар ішінен Кадрларды даярлау орталығы, оқшау үйдің бастығы бос лауазымына Равиля Айтмагамбетовна Егембердива іріктелсін.