ҚКЗИҒО ғылыми зерттеу жұмыстарын төмендегі ғылыми-зерттеу ұйымдармен ынтымақтаса отырып жүзеге асырды:

  1. oЖұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі  орталық, АҚШ (Коллинз Форты);
  2. oCDC (Атланта) АҚШ;
  3. oСолтүстік Аризона Университеті;
  4. oЛуизиана штатының Университеті, АҚШ;
  5. oЛиверпуль Университеті, Ұлыбритания;
  6. oОсло қ. Университеті, Норвегия;
  7. oАнтверпен қ. Университеті, Бельгия;
  8. oПастер атындағы институт (Париж);
  9. oКарантиндік және аса қауіпті инфекциялардың алдын алу орталығы, Өзбекстан (Ташкент);
  10. oРеспубликалық карантиндік және аса қауіпті инфекциялар орталығы, Қырғызстан (Бішкек).

 

      INTAS линиясы бойынша бір және Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен (ХҒТО) екі бірлескен ғылыми бағдарламалар аяқталды. Обаның табиғи ошақтарын зерттеу және АҚШ коллабораторларымен бірге Ү.pestis штаммдарының вируленттілігін зерттеу бойынша ХҒТО-мен бір жоба орындалды,  ал екінші жоба бойынша жұмыстар жургізілуде, Қазақстандағы бруцеллез бойынша ХҒТО-мен бір жоба, АҚШ қауіп-қатерден азайту агенттігімен «Физикалық және биологиялық қауіпсіздікті нығайту» атты бір жоба және ХҒТО-мен бір телекоммуникациялық жобалар орындалды. Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлесіп дуадақтардың көші-қонын зерттеу бойынша жоба орындалу үстінде. Орталықтың базасында шетелдік мамандар мезгіл-мезгіл сайын оқытылады.

     1995 жылдан бастап ҚКЗИҒО оба бойынша ДДҰ-мен  коллабораторлық байланыста болып табылады.

     Халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың нәтижелері

    Жаңа технологиялар игерілді:

  1. oАҚИ-дың молекулярлық-генетикалық диагностикасы;
  2. oАҚИ-дың молекулярлық-генетикалық зерттеулері;
  3. oматематикалық болжау;
  4. oGIS.

   Диагностика, ғылыми-зерттеу, ІТ бойынша АҚШ, Англия, Испания, Норвегия ғылыми орталықтарында және университеттерінің зертханаларында қазіргі заманғы әдістер негізінде тренингтер өткізілді.

 Канада Сыртқы Істер Министрлігі Global Partnership Program (GPP) бағдарламасының аясында :

 Биоқауіпсіздік бойынша аймақтық орталық құрылды

  1. oпатогендердің биоқауіпсіздігі мен тасымандануы туралы семинарлар өткізіледі;
  2. oКанадалық биоқауіпсіздік ережелері қазақ тіліне аударылған;
  3. oДДҰ биоқауіпсіздігің Ережелері орыс тілінде жарияланған.