Қазақстан Республиксы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы (ҚКЗИҒО)

Миссиясы: карантиндік және зооноздық жұқпаларды профилактикалау, алдын алу саласындағы зерттеулерді жүргізетін, медициналық иммунобиологиялық препараттарды өндіріп, аса қауіпті жұқпалар бойынша Орталық Азия және Кавказ елдерінің мамандарын даярлайтын ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. ҚКЗИҒО Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) оба бойынша ынтымақтастық орнатқан Орталық.

ҚКЗИҒО қызметінің негізгі бағыттары:

http://web.kscqzd.kz/c/img/4514_min" > Аса қауіпті жұқпалардың (оба, тырысқақ, сібір жарасы, туляремия, бруцеллёз, геморрагиялық қызбалар және т.б.) эпизоотологиясы мен эпидемиологиясын зерттеу;

 Аурулардың табиғи ошақтарында эпидемиологиялық бақылаудың ғылыми негіздерін әзірлеу;

 Аса қауіпті жұқпалар бойынша кеңестік-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;

 Карантиндік және зооноздық жұқпалардың диагностикасы мен профилактикасына арналған медициналық иммунобиологиялық препараттарды (МИБП) әзірлеу және өндіру;

 Карантиндік және аса қауіпті жұқпалар бойынша мамандар даярлау;

 Республикалық микроорганизмдер коллекциясы мен Республикалық депозитарийді құрастыру және күту;

Эпидемияға қарсы мамандандырылған топтың жұмысын қолдау;

Бейіндік ғылыми журнал шығару.