Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар Ғылыми Орталығының шығаратын  медициналық иммунды-биологиялық препараттар.

 

ҚКЗИҒО обаның алдын алуға, карантиндік және аса қауіпті жұқпаларды зертханалық балау үшін, осы жұқпаларды сыртқы ортада анықтау үшін қолданылатын 30-дан аса медициналық иммунды-биологичиялық препараттарын шығарады (МИБП). Институт Қазақстан Республикасында және ТМД елдерінде де осы препараттарды өндіруден алпауыт болып табылады.

МИБП тізіміндегі шығарылатын негізгі препарат —обаның тірі вакцинасы.

Республика мен ТМД елдерінде кең өткізу нарығына ие оба, тырысқақ, туляремия, сібір жарасы, лептоспироз, ішек иерсиниозы, пастереллез, жалғанқұрт, листериоз, бруцеллезді балауға арналған медициналық иммунды-биологиялық препараттар (эритроцитарлық диагностикум және бактериофагтар) өңделіп шығарады.

Жаңа МИПБ өңдеумен қоса, препараттардың тиімділігін арттыру, технологиялық процесстерді жетілдіру, карантиндік жіне зооноздық аса қауіпті жұқпаларды иммунды-диагностикалаудың жаңа әдістерін іздеу бойынша зерттеулер жүргізіледі.


Шығарылатын  МИБП тізімі


р/c

Атауы

1        

Обаның тірі құрғақ вакцинасы

2        

Обаның антигендік, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

3        

Обаның иммуноглобулинді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

4        

Обаның эритроцитарлы диагностикумдарына ингредиенттер

5        

Жалғанқұрттың антигендік, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

6        

Тырысқақтың Ogawa иммуноглобулинді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

7        

Тырысқақтың Ogawa  эритроцитарлы диагностикумына ингредиенттер

8        

О-тырысқақтың иммуноглобулинді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

9        

Туляремияның иммуноглобулинді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

10      

Туляремияның эритроцитарлы диагностикумына ингредиенттер

11      

Туляремияның антигенді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

12      

Тырысқақтың антигенді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

13      

Тырысқақтың O-139 антигенді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

14      

Тырысқақтың энтеротоксинді антигенді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

15      

Лептоспироздың антигенді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

16      

Сібір жарасының антигенді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

17      

Сібір жарасының иммуноглобулинді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

18      

Пастереллездің антигенді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

19      

Иерсиниоздың (энтероколитика) антигенді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

20      

Иерсиниоздың (Y.kristensenii) антигенді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

21      

Листериоздың антигенді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

22      

Бруцеллездың антигенді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

23      

Бруцеллездың иммуноглобулинді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

24      

Бруцеллездың агглютинация реакциясы үшін (АР) антигенді, сұйық эритроцитарлы диагностикумы

25      

Сальмонеллездің антигенді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

26      

Шигеллездің антигенді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

27      

Обаның липисахаридті антигенді, құрғақ эритроцитарлы диагностикумы

28      

Тырысқақтың агглютинация реакциясына арналған (1:10) O-139 диагностикалық қоян қансарысуы

29      

Бруцеллезді антиабортус және антимелитензис моноспецификалық қансарысулары

30      

Обаның Покровский құрғақ және сұйық диагностикалық бактериофагы

31      

Обаның Л-413 құрғақ және сұйық диагностикалық бактериофагы

32      

Жалғанқұрттың құрғақ және сұйық диагностикалық бактериофагы

33      

Сібір жарасының құрғақ және сұйық диагностикалық бактериофагы

34      

Гемолизденген қан

35      

Бруцеллез кезінде қанға себінді жасау үшін тасымалдау жүйесі, сұйық флаконда

Сіздер өндірілетін МИБП құнымен прайс-парақшасын көшіру арқылы таныса аласыз. Сіздер МИБП үлгі арқылы тапсырыз беруіңізге болады (тапсырыс беру үлгісі).