ҚКЗИҒО жануарханасы

М.Айқымбаев атындағы қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының (ҚКЗИҒО) SPF[1]-категориялы зертханалық жануарлар питомнигі


[1] SPF – SpecificPathogenFree,  патогенді микрофлорадан бос.

ҚКЗИҒО зертханалық жануарлар питомнигінің негізгі мақсаты SPF-категориялы(аутбредті және инбредті тышқандар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары, қояндар), «таза бөлмелер» технологиялар жағдайында өсірілген зертханалық жануарларды өсіру және сату. ҚКЗИҒО питомнигі жануарларды өсіру мен сату бойынша өндіруші ретінде (№KZA/07/K-002) ауылшаруашылық Министрлігінің есептік ветеринарлық нөміріне ие.

2013-2014 жж. ХҒТО [1] К-2046 жобасының шегінде SPF жануарларға тосқауылдық аймақты құрып және микробиологиялық мәртебесін сақтау үшін питомник қайта құрылып, ИСО 14644 бойынша модернизациядан өтті. Ғимаратта желдетудің қосарлау жүйесі, ауаны, қысымды және ылғалдылықты автоматты температураны реттеуішпен сүзгілеу және кондициялау орнатылған.

 http://science-quarantine.kz/images/gallery/sm_d_75620747582719.jpg" >

Зертханалық жануарлар «микрооқшаулау технологиялары» жағдайында және ашық жағдайларда генетикалық бағытты ұстап тұру принциптері бойынша ұсталады. Жануарлар Charles River Laboratories (www.criver.com) питомнигінен 2014 ж. аяғында алынды, және SPF-мәртебесі жайлы ветеринарлық сертификат пен денсаулық паспорты бірге ілесті.

Қазіргі уақытта ҚКЗИҒО питомнигі зертханалық жануарлардың 5 бағытын көбейтіп жатыр, олар келесі салаларда пайдаланылады:

1.  Зертханалық тышқандар CD-1 бағыты (аутбредті) SPF-категориялы – көпмақсатты үлгі, токсикология, дәрілік заттардың қауіпсіздігі, қартаю, хирургиялық үлгі. 

 2. Зертханалық тышқандар C57BL/6N бағыты (инбредті) SPF-категориялы – көпмақсатты үлгі, май басу, трансгендік және нокаутты үлгілердің дамуы,  токсикология, дәрілік заттардың қауіпсіздігі, иммунология.

3.     Зертханалық егеуқұйрықтар Wistar бағыты (аутбредті) SPF-категориялы – көпмақсатты үлгі, жұқпалы аурулар, токсикология, дәрілік заттардың қауіпсіздігі, қартаю.

4.     Зертханалық қояндар NewZeelandWhite бағыты (аутбредті) SPF-категориялы – токсикология, тератология, дерматология, офтальмология, биомедициналық зерттеулер, остеология, атеросклероз, антидене өнімі, жүрек-қантамыр және бүйрек аурулары.

5.     Зертханалық шартты теңіз шошқалары –  көпмақсатты үлгі, иммунология.

Сатылым мен тасымалдау кезінде жануарлар барлық қажетті құжаттармен ілеседі – лицензия, ветеринарлық анықтама мен ветеринарлық паспортпен.

http://science-quarantine.kz/images/gallery/sm_g_373038772584.jpg" >

 

Байланыс ақпараты:

Турегелдиева Динара Әлімханқызы,

М.Айқымбаев атындағы қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы

Жануархана мен тәжірибелік үлгілер зертханасының меңгерушісі, м.ғ.к.

050054, Алматы, Қапал  көш. 14,

Тел. +7 (727) 2233821 (ішкі. 151), факс +7 (727) 2233830

e-mail  Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  ,   Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  

 

[1] ХҒТОХалықаралық ғылыми-техникалық орталық (www.istc.ru), биотехнология, химия, физика, математика, медицина және т.б. іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламаларын қаржыландырады.