М.Айқымбаев атындағы ҚКЗИҒО аккредиттелген сынақ зертханасы

Биологиялы-технологиялық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы (СЗ) – 1951 жылдың мамыр айында құрылған. Зертхананың жүргізетін қызметтері: шығарылатын медициналық иммунды-биологиялық препараттарды (МИБП) сапасын бақылау, обаның вакцинасын қоса; МИБП өндіруде қолданылатын қоректік орталардың сапасын бақылау; орталықтың зертханаларына автоклав  жұмысын бактериологиялық бақылау. СЗ мамандарымен МИБП өндіру мен сақтау кезінде технологиялық процесстің  ұстануы бақыланады.

М.Айқымбаев атындағы қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының сынақ зертханасы ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология Комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007  «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сай келуіне аккредиттеуден өтті – Аккредиттеу аттестаты № KZ.И.02.0619 2014 жылдың 19 қараша айына дейін. Аккредиттеу саласына бактериальді вакциналар, диагностикалық қансарысулар, диагностикалық бактериофагтар, эубиотиктер, бактериальді токсиндер мен анатоксиндер, эритроцитарлы диагностикумдар, ИФТ үшін үлгілі қансарысулар жинақтамасы, дезинфекциялаушы заттар, инсектоакарицидтер, қоректік заттарды сынау жатады.