АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАҒИДАЛАР

«Қазақстандағы карантиндік және зооноздық жұқпалар» журналы жылына екі рет басып шығарылады. Журналға карантиндік және зооноздық инфекциялық аурулардың барлық аспектілері бойынша Қазақстанның және басқа мемлекеттердің медициналық ұйымдары қызметкерлерінің мақалалары қабылданады. Жұмыстар түпнұсқа тілінде жарияланады (орыс, қазақ, ағылшын). Редколлегияға жолданатын қолжазбалар келесі талаптарға сай келуі тиіс:

1. Microsoft Word редакторының 6,0 және жоғары нұсқасында терілген мәтін А4 форматындағы парақтарында жасалады және жиектері: сол жағынан – 3 см, оң жағынан 1,5 см, жоғарғы және төменгі жағынан – 2 см, Times New Roman қаріпі,12 кегль, «бірлік» жол аралық интервалында болуы тиіс. Қолжазбаның көлемі 15 парақтан артық болмауы керек.

2. Қолжазбалар барлық авторлары қол қойған бір данада поштамен немесе факс арқылы, сонымен қатар, электронды пошта бойынша немесе CD-дискіде жіберіледі. Жұмыстарды электронды түрде ұсыну барлық авторлар үшін міндетті болып саналады. Мақала тек электронды пошта арқылы жолданған жағдайда, авторлық ұжым ұйым басшысының хатымен немесе факс арқылы расталуы тиіс.

3. Қолжазбада ОӘЖ индексі және түйінді сөздер, бірінші автордың жұмыс орны және e-mail көрсетіледі, оған түпнұсқа тілінде және басылымның басқа екі тілінде түйіндеме (15 жолдан артық емес) қоса беріледі (түйіндемені редколлегияда аудару үшін тек орыс тілінде ұсынуға болады; бұл жағдайда қолданылған шектеулі мамандықты терминдердің қазақ және ағылшын тілдерінде аудармалары беріледі).

4. Төлнұсқа мақалаларда бастапқы материалдардың сипаты мен көлемі, сонымен қатар, оларды алу және өңдеу әдістемелері міндетті түрде көрсетіледі.

5. Кестелер мен суреттер (ақ-қара түсті, тұтас реңкпен толтырылмаған штрихті) қарапайым, көрнекі болуы керек және стандартты А4 кітап пішімді беттің көлемінен аспауы қажет (тек аса қажет болған жағдайда ғана альбом пішімінде суреттеуге болады). Олар жұмыстың мәтіні арасында орналасады. Кестелердің атауы жоғарғы жағында ал суреттердің жазбалары төменгі жағында немесе өз еркімен жазылады. Сурет жазбалары және белгілеулер қолжазба мәтінінің қаріп кеглінен кем болмауы қажет. Олардың ең кіші кегль мөлшері 10. Мәтіндегі диаграммалар (тек ақ-қара түсті) Microsoft Excel элементі ретінде келтіріледі, ксетелер тек Microsoft Word элементі ретінде салынады. Кестелер мен суреттерде көрсетілген сандық деректерді мәтін ішінде қайталауға жол берілмейді.

6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде басым немесе жалпы сипаттағы дереккөздерге сілтемелер беру дұрыс. Қолжазба мәтінінде дереккөздің нөмірі тізім бойынша шаршы жақшада, ал тізімде алфавит бойынша орнласады (алдымен кирилл әліпбиінде, сосын латын әліпбиінде). Библиографиялық мазмұны келесі тәртіпте беріледі: авторлардың А.Ә.Т. (4 автордан артық болса, 3 тек қана көрсетіледі), жұмыс атауы, жинақ немесе журнал атауы, қаласы және баспасы, жылы, басылым нөмірі, бет. Қолжазба көздеріне (диссертациялар, есептер) сілтемелер орынсыз және тек олар орналасқан жерлерді көрсетумен қолданыла алады.

7. Жұмыс мәтініндегі жалпыға мәлім қысқартулардан басқа қысқартылған сөздер бөлек тізіммен беріледі немесе алғаш көрсетілген сәтте толық жазылады.

8. Жануарлар мен өсімдіктердің латынша атаулары алғаш жазылған сәтте толығымен көрсетіледі; әрі қарай қысқартылған нұсқада беріледі. Түйіндемені басқа тілдерге аудару қажеттігін ескере отырып, тірі организмдердің латынша атауын көрсету орынды.

Редколлегия жіберілген жұмыстарды авторлармен келіспей түзету және қысқарту, оларды қысқа хабарлама түрінде жариялау, сонымен қатар, осы қағидаларға сай келмейтін қолжазбаларды қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.

Редколлегия мекенжайы: 050054, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жахангер к-сі, 14, М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы (ҚКЗИҒО);

Телефон–(8-727)-2233-816;

Факс –(8-727)-2233-830;

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ; Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. .