Ғылыми-техникалық бағдарламалар
1. Ғылыми-техникалық бағдарлама
«Қоршаған ортаның қауіпті биологиялық фактілерін, карантиндік және табиғи-ошақтық инфекциялар мониторингінің тиімділігін заманауи техноло-гиялар негізінде арттыруды ғылыми қамтамасыз ету». Бағдарлама шифрі О.0730. Іске асыру кезеңі 2015-2017 жж.
2. ҚР БҒМ гранттық жобалары
1) «»Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік коридорының Қазақстан аумағындағы аса қауіпті жұқпалардың табиғи ошақтарын эпидемиологиялық қадағалау және халықтың биоқауіпсіздігі мен биоқорғанысын камтамасыз етудегі геоақпараттық технологиялар» (2013-2015жж.)
2) «ДНК - рекомбинантты әдістерді пайдаланып КҚГҚ қарсы вакцинасын алу» (2015-2017жж.).
3)«MLVA және сиквенс сараптама әдісін пайдалану арқылы Сары-Жаз және Арал маңы обаның табиғи-ошақтық трансшекараларынан Yersinia pestis штаммдарын молекулярлық типтеу». (2015-2017жж)
4) «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың гендік диагностикасына арналған отандық ПТР тест-жүйелерін өндіруді ұйымдастыру және әзірлеу» (2015-2017жж).
5) «Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортадан және адамдардан бөлініп шыққан тырысқақ вибрионы штаммдарын генотиптеу және филогенетикалық талдауы». (2015-2017жж.)
Бірге орындаушылық:
ҚР БҒМ Микробиология және вирусология институтының ҒТБ-сында «Қазақстан Республикасындағы жаңа және қайталанатын вирусты инфекциялар: оларды бақылау үшін мониторинг өткізу және заманауи биопрепараттар құру» (2014-2016).
ҚР БҒМ гранттарында:
ҚР БҒМ Биотехнология ғылыми-зерттеу орталығы (2015-2017) «MLVA негізіндегі типтеу және сиквенирлеу арқылы бруцелланың дәрілік тұрақтылығының генетикалық әралуандылығын зерттеу мен генетикалық детерминантын анықтау».
«Brucella spp. штаммдарын молекулярлы-генетикалық типтеудің инновациялы технологияларын енгізудің негізінде Қазақстандағы бруцеллез қоздырғышы айналымының эпидемио-логиялық мониторингін жетілдіру», ҚР БҒМ «М.А. Айтқожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты». (2015-2017).